Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Беті көгерген, мұрны қисайған": Шерзаттың әкесін ұрып-соқты деген оқырмандар күдігіне полиция жауап берді

15 қазанда Талғар ауданындағы қылмыстың тергеу барысы туралы брифингте прокурорларға жәбірленушілердің ата-анасынан жауап алынбай жатқаны және жәбірленушінің әкесіне әлі де қоқан-лоқы көрсетіліп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Редакция брифинг кезінде Самат Аисовтан неліктен жәбірленушілердің ата-анасынан жауап алынбай жатқанын сұрады. 

"Қазір күдіктілерден толық жауап алынды. Қазіргі жоспарда бар. Алайда әзірге жәбірленушілерден жауап алуды адамгершілік тұрғыда тоқтата тұрдық”, – деп жауап берді Самат Аисов.

Сонымен қатар тілші "Кеше сіздер көрсеткен видео әлеуметтік желіде тараған. Бұдан кейін әкесі мәлімдеме жасады. Халықтың бәрінің назары сонда. Оқырмандар әкесінің беті көгерген, мұрны қисайған деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Әкесін қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр ма?" деп сұрақ қойды.

"Мұндай жағдай болған жоқ. Таңертең ғана облыс прокуроры Берік Адамов жәбірленушінің адвокатымен сөйлесіп, бүгін түсте түсініктеме береміз деп айтты. Осы бойынша дәлелдерді зерттеп, нақты ақпарат береміз. Бұған дейінгі қылмыстық істегі құрам бойынша түсініктеме аламыз", – деді Бауыржан Әлеков.

Сонымен қатар Самат Аисов бұған дейін белгісіз көліктер келіп қорқытқаны жөнінде Қылмыстық кодекстің 115-бабына сәйкес іс қозғалғанын қоса кетті.


  • Полицейлер Шерзат Болаттың өліміне екі қыздың қатысы жоғы көрсетілген видео жариялады

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. 14 қазанда марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты бұрынғы “Хутор” ауылының тұрғындары пікір білдірген еді. Ал кешке қарай Хасанның өзі экранға шығып, үндеу жасаған. Ол адвокат жалдағанын, өзін “Хутор бандасының” басшысы деп қаралағандармен соттасатынын айтқан.

Талқылау