Беташар жасалды: Мұғалім 57 жасында өзінен он жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықты (видео)
Желіде 57 жастағы әйел мен 67 жастағы азаматтың шаңыра құрған сәті жарияланды. Күйеу жігіттің қалауымен тойдың барлық талаптары сақталды.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай айтты.
Айтуынша, егде жаста отау құрған жұбайлардың той рәсімінде барлық салт-дәстүр сақталған. Беташар жасалып, отқа май құйды. Қалыңдық босағадан оң аяғымен аттады.
"Қыздың аты әрқашан қыз. Әсіресе, қартайғанда екеу болған қандай жақсы. Бақыт тілеймін. 57 жастағы мұғалім орнын тауып, өзінен он жас азаматпен қол ұстасты", - деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушылары махаббат иелеріне бақыт тіледі.
"Бағыңыз жансын! Ұзақ ғұмыр тілеймін", "Жұптарыңыз жазылмасын, бірге қартайыңыздар", деп жазды көпшілік.
"Осындай жаста да беташар жасай ма?", - деп таңғалғандар да бар.
Тағы оқыңыз: Махаббат туралы өлеңдер
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"