Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бесінші балама жүктімін, күйеуім үшінші әйел алды": Қазақстандық әйел өз құқығын қорғау үшін көмек сұрайды

Түркістан облысы тұрғыны күйеуінің көп әйел алғанын айтып, желіге видеоүндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, күйеуі оның рұқсатынсыз үшінші әйел алып келген. Бұл оқиға көпшілік арасында қызу талқыға түсті. 


«Мен 1993 жылғымын. Менің күйеуім үшінші әйел алды. Бүгін беташар болды. Менің төрт балам бар, бесіншісіне жүктімін. Менің сұрайын дегенім. менің құқығымды қорғайтын заң бар ма?», - деді ол.

Видео журналист Гүлмира Әбіқайдың парақшасында жарияланған.

Карантин талабын бұзғаны үшін жиын ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік қызметкерлер ауылда отбасылық мереке - беташар фактісін анықтады, материалдар жинады. ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес, оларды СЭС-ке өткізді. СЭС-ке сәйкес әкімшілік хаттама жасалды, ол сотқа жолданды», - деді агенттікке Түркістан облысының полиция департаменті.



Адвокаттар көп әйел алған ер адамдарды қалай жазалауға болатынын айтты, деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстан.

«Біріншіден, бізде көп әйел алу ұғымы жоқ. Екіншіден, егер некеде тұрған адам басқа адаммен некені тіркейтін болса, онда мұндай неке заңсыз болып саналады. Бұл заңда жазылған», - деді адвокат Ренат Қадыров.

«Неке және Отбасы» кодексінің 11-бабына сәйкес, некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.

Бұл жағдайда, егер аталған бапта белгіленген шарттар бұзылған болса, сот некені жарамсыз деп таниды.

«Мұндағы мәселе, заңмен реттелмеген діни дәстүрлерге сәйкес жасалған неке туралы болып тұр. Егер бұл жағдайда бәйбіше күйеуінің мінез-құлқына қанағаттанбаса, онда ол некені бұзу құқығын пайдалануы керек», - деп түсіндірді адвокат Евгений Сейпулник.

Неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратынын, ата-аналардың қайсысы және балаларын асырау үшін алиментті қандай мөлшерде төлейтінін сот анықтайды.

Бұған дейін депутат Жұлдыз Омарбекова елдегі әйелдер өз құқықтарын білуі керек екенін және «ресми екінші әйел» ұғымы заңды түрде жоқ екенін баса айтты.

Талқылау