Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әйгерім СәттібаеваФото:ҚБФ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаева қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз 48 келінің жартылай финалында моңғол қызы Номундарь Энх-Амгаланға қарсы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер шешімімен Айгерім Сәттібаева жергілікті боксшыға 5:0 есебімен есе жіберді. Осылайша Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Әйгерім Сәттібаеваны боксқа 2004 жылы әкесі әрі бапкері алып келген. Ол 19 жасында белгілі боксшы, 2015 жылғы Азия чемпионы және 2016 жылғы Олимпиада қатысушысы Олжас Сәттібаевқа тұрмысқа шыққан. Ол қазір бес баланың анасы.

Еңлік Сақтан
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 11:11