Берлиндегі трагедия: Жүк көлігі алаңда жүрген адамдар тобын жайпап өтті (видео)
Германия астанасы Берлинде жүк көлігі Кайзер Вильгелм шіркеуіне жақын маңда рождестволық жәрмеңкеде жүрген адамдар тобына келіп соққан.
Фото: REUTERS/ Fabrizio Bensch
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Оқиға Берлиндегі Брайтшайдплац алаңында болған. Федералды полицияның мәліметінше оқыс оқиғадан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам адам әртүрлі жарақаттар алған.
Әзірге жүк көлігі жүргізушінің мақсаты не екені анықталмағандықтан, полиция оқиғаға теракті деп баға берген жоқ. Оқиғаны Германия бас прокуратурасы зерттеп жатыр. Белгілісі көлік ішінде екі адам болған. Олардың біреуі қашып кетуге әрекет жасаған Ауғанстан немесе Пәкістан азаматы екен.
Оқи отырыңыз:
Әуе апатынан аман қалған футболист: Мен бір минут бұрын орнымды ауыстырған едім
Қытайда терезеден лақтырылған бөтелке үшін үйдің бүкіл тұрғындары айыппұл төледі
АҚШ-та дау туғызған сайлау қайта есептеліп қорытындысы жарияланды
Талқылау

"Жұбайым менің тегімді алады": Жапон қызымен отау құрған қазақстандық Жапонияда сырға салып, ұзатуды онлайн өткізген
Отандасымыз көпшіліктің "қазақ қызы табылмады ма?" деген сұрағына өзгелердің пікірі алаңдатпайды дейді

Қазақстандық қыз АҚШ-та бөпелі болып, дипломын қызымен бірге алған: енді ол Стэнфордта докторантура оқымақ
Әсел докторантурада оқуды бұрыннан ойладым, 10 жыл еңбектендім дейді