Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі болды
Президенттің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Енді ол Абай облысын басқарады.
Берік Уәли 1997 жылы Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
"Хабар" агенттігі" АҚ, "ТАҢ" телекомпаниясы, "НТК" телеарнасы, "31 арна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде журналист, ақпараттық бағдарламалардың редакторы, "Нұр Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы қызметтерін атқарған.
Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
- 2012-2015 жылдары – әкім аппараты басшысының орынбасары, әкім аппаратының баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы;
- 2015-2016 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;
- 2016-2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
- 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы;
- 2019 жылдың наурыз айынан бастап президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
- 2022 жылдың наурызында "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде ол қайтадан президенттің баспасөз хатшысы қызметіне кірісті.
Бұған дейін Нұрлан Ұранхаевтың Абай облысының әкімі қызметінен кеткені айтылды.