Берік Айтжанов Ресей киносына түспек
Журналист көрсе ат тонын ала қашып, сұқбат беруді жатырқайтын жан отандық киноөндірісте жалғыз. Ол — өзін томаға тұйық ұстайтын, ауылы әлеуметтік желіден де алыста жүретін Берік Айтжанов! Себебін, өзінен сұрайықшы… Айтпақшы, актер Азиз Бейшеналиев, Чингиз Капин, Асан Мәжиттермен бір картинаға түсуді бастады.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Тілшілермен сұқбаттасу кәсіби парызы десек те, Берік Айтжановтың камера алдында ашық әңгіме құрған сәті некен-саяқ. Оның — өмірлік қағидасы сол! Дегенмен, актер бізбен біраз сыр бөлісті. Таяу күндерде Ресей киноматографиясында төбе көрсетуі мүмкін. Екі ірі жобаға қызу дайындық жасап жатқанын айтады. Әзірге, ол жаңа отандық «Неделимое» комедиясында, полицейдің рөлін сомдайды.
Зор сұраныстағы актердың, жас режиссер Олжас Ахметовтың дебюттік картинасына қатысуға келісім беруінің өзі таңқалдырады. Дегенмен, туындыда бұйырған рөлі Айтжановқа түсірілім алаңынан табылуға түрткі болды.
«Бұл рөл, менің кейіпкерім ойнап жатқан мүлдем ұқсамайды басқа кейіпкерлеріме. Бұл жағымсыз кейіпкер деуге де келмейді, жағымды кейіпкер деуге де келмейді. Менің ойымша басқа психотип, басқа образ шығаратын секілдімін, – дейді Берік Айтжанов.
Әр рөлге талғамы да, талабы да биік Азиз Бейшеналивті картинаның сценариі қызықтырған.
«Сценариді оқып, эйфорияға ұшырадым. Зор талғаммен, сапалы жазылған. Бұрын соңды Қазастанда криминалды комедия түсіргенін көрген емеспін», – дейді актер Азиз Бейшеналиев.
Осымен бесінші жобада серіктес болған Берік пен Азизден бөлек, бұл киноға Ерден Телемисов, Чингиз Капин, Асан Мәжит сынды актерлар ат салысады.
«Олжастың бұл батылдығы деп есептеймін! Осындай актерларды жинап, алғашқы жұмысын осындай киноөнерінде жүрген актерлармен жұмыс істеу, меніңше ол батылдық», – дейді актер Асан Мәжит.
«Сахналарды екі-ақ дубльден таспалап жатырмыз! Себебі, біздің актерлық құрам кіл тісқақан мамандардан құралды. Оларды картинама қатысуға көндіріп, әуре-сарсаңға түскенім жоқ. Бәрі де бірден келісімдерін берді», – дейді фильм режиссері Олжас Ахметов.
Түсірілім тобының айтуынша, бұл Тарантино стильіндегі фильм болмақ.
Жіберіп алмаңыз:
Еркін Нұржанов кішкентай қызына арнап бейнебаян түсірді (видео)
Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім
Гүлзира Айдарбекова: Неге әрбір жаңа шыққан әншіні Қайратпен салыстырады
Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)