Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank пен "EN Social" "Bereke Bank-тен жүрекке мейірім сыйлайтын ойыншықтар" атты инклюзивті экологиялық жобаны іске қосты


Bereke Bank жаңажылдық инклюзивті экожобаның басталғанын хабарлайды, "Экологиядағы инклюзия: Bereke Bank-тен жүрекке мейірім сыйлайтын ойыншықтар" деп аталатын бұл бастама "EN Social" қоғамдық қорымен орнатылған серіктестік аясында жүзеге асырылады.

Жоба Алматы, Астана және Қарағанды қалаларын қамтып, екі маңызды міндетті көздейді: экологиялық мәдениетті дамыту және түрлі мүмкіндіктері бар балаларды қолдау.

Бағдарлама қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталып, пластикті қайта өңдеудің қолжетімді әрі пайдалы жолдарын көрсетеді. Bereke Bank қызметкерлері мен клиенттері, сондай-ақ қала тұрғындары пластикалық қақпақтарды банктің бірқатар бөлімшесінде орнатылған арнайы жәшіктерге сала алады. Жиналған пластик қайта өңделіп, кейін "EN Social" қорының "Эко-Хаб" шағын өндірісінде жаңажылдық ойыншықтар жасауға пайдаланылады.

Тіпті бір қақпақты жинау сияқты шағын әрекет те қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқара алады. Жобаға әртүрлі мүмкіндігі бар балалар қатысады: оларға шығармашылықпен айналысуға, әлеуметтік ортаға бейімделуге және өз қабілеттерін көрсетуге қолайлы жағдай жасалады. Олар Bereke Bank қызметкерлерімен және олардың балаларымен бірге жаңажылдық ойыншықтарды жасап, оларды бояу бойынша шеберлік сабақтарына қатысады.

Шығармашылық процесс қатысушыларды біріктіріп, сенім мен өзара қолдауды нығайтады, балалар өз еңбегінің нәтижесін көреді, сондай-ақ қоғамда инклюзивтіліктің деңгейін арттыруға ықпал етеді.

"Бұл жоба – бірлесіп еңбек етуге, мейірім сыйлауға және шығармашылыққа арналған бастама. Біз әрбір бала өз еңбегінің маңызын түсініп, қоршаған ортаға әсер ете алатынына сенсе екен дейміз. Жаңа жыл – ғажайыпқа толы шақ, біз дәл осы ғажайыпты балалармен бірге жасай алатынымызға қуаныштымыз. Бүгінде жоба үш қалада жүзеге асырылуда, болашақта мұндай бастаманы тұрақты түрде қолға алып, басқа қалаларға да шығуды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Bereke Bank-тің маркетинг жөніндегі басқарушы директоры  Анита Кунскайте.

 

"Жоба балаларды, ата-аналарды, банк қызметкерлерін және клиенттерді біріктіреді. Қарапайым пластик қақпақтардан керемет ойыншықтар дайындалады, осындай кішкентай ғана қадамдар жаңа экологиялық әдеттерге айналады. Бұл бастама адамдарды табиғатты қорғауға ынталандырады", – деді "EN Social" қоғамдық қорының басшысы Евгений Мұхамеджанов.

Әр адам өз үлесін қосып, бастамаға атсалыса алады. Bereke Bank баршаңызды аталған жобаны қолдауға шақырады, пластик қақпақтарды банк бөлімшелерінде орнатылған арнайы жәшіктерге салып, табиғатты қорғауға үлес қосыңыз.

Бокстар орнатылған бөлімшелердің мекенжайлары:

Астана қаласы: 
•    Астана қ. филиал, Тұран даңғ., 13
•    №30 "Жеңіс" ФҚБ, Жеңіс даңғ., 27 А
•    №22 "На Мира" ФҚБ, Бейбітшілік к-сі, 14
•    24 "Жерұйық" ФҚБ, Қ. Сәтбаев к-сі, 16

Алматы қаласы: 

•    Алматы қ. филиалы, Гоголь/Қалдаяқов к-сі, 30/26-үй
•    №111 "Нұрлытау" ФҚБ, Әл-Фараби даңғ., 13/1-үй 
•    "Q" БО, Желтоқсан к-сі, 191
•    №102 "Жетісу-4" ФҚБ, Жетісу-4 ықш.ауд., 9-үй
•    №83 "Орбита" ФҚБ, Науаи к-сі, 310а
•    №105 "Алматы1" ФҚБ, Сейфуллин даңғ., 180-үй

Қарағанды қаласы: 

•    Қарағанды қ. филиалы, Шахтеров даңғ., 35/1
•    №8 "Бұхар Жырау" ФҚБ, Бұхар Жырау даңғ., 66
•    №11 "Ануар" ФҚБ, Восток-2 ықш.ауд., 5/3

Bereke Bank. Әлемге жылу сыйлайды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 17:09