Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берденов ісі бойынша сот отырысында тілін шығарған судья тексерілмек

Берденов ісіндегі судья

Фото: Әбинұр Қарабаевтың жеке парақшасы/Видеодан скриншот

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталған іс бойынша төрағалық еткен судьяға Әбинұр Қарабаевқа қатысты тергеу тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарады.

Шымкент сотының баспасөз қызметі судьяның тәртібі жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу туралы қылмыстық істі қарау кезінде төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін тергеліп жатыр", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

"Судьяның беделін түсіретін құқықбұзушылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберіледі", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасарына қастандық жасаған күдіктіге қатысты сот жалғасып жатыр. Сот отырысында судья тілін шығарғаны видеоға түсіп қалды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 12:35
Талқылау