Бензин тапшылығы үшін жұмысынан қуылған Әсет Мағауов басшылық қызметке отырды
Елдегі бензин тапшылығы үшін жұмысынан босатылған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды.
Асет Мағауов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен Әсет Мағауов «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Мағауов Энергетика министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды. Қазан айында премьер-министр Бақыжан Сағынтаев қызметінен босатқан еді. Оған елдегі жанармай тапшылығы мәселесі себеп болды.
Тағы да оқыңыз:
ШҚО-да 81 жастағы атасы мүгедек қызын өрттен құтқарам деп қатты күйіп қалды
Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр
Талқылау