"Бензин құйып, өрт қойған": Оралда денесі күйіп қайтыс болған баланың анасы ұлын біреу қасақаны өлтіргеніне сенімді
Фото: Halyqstan Telegram
10 тамыз күні шамамен сағат 16:30-да Қонаев шағынауданы №55 үйдің ауласында бір топ баланың ойыны адам өлімімен аяқталды. Балалар көліктің жүксалғышындағы бензин құйылған канистраны алып, өрт қойған. Көлік жөндеп жүрген жергілікті тұрғын жанармай құйылған канистрді қараусыз қалдырып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын кезінде балалар канистрадағы сұйықтықты тұтатып, салдарынан жарылыс болған. Сол сәтте 8 жастағы Артемнің киімі өртеніп кеткен. Бала денесінің 95%-ын күйік шалған. Дәрігелер ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген балаға 4-дәрежелі күйік диагнозын қойып, оны жасанды тыныс алу аппаратына қосты.
Қайғылы жағдайды естіген сәт Артемнің анасы Мухаббаттың әлі есінде. Артем жазғы демалыста Алматыдан Оралға апасының үйіне барған. Баланың күйіп қалғанын апасы Мухаббатқа хабарласып айтқан. Одан Оралға ұшып келуін өтінген.
“Ол қатты шошып қалған. “Мама, бейнеқоңырауды қосшы” деп айғайладым. Бейнеқоңырауды қосқанда баламның кіре берісте патрульдік полициямен және анаммен бірге отыр екен. Денесі түгел күйіп қалған, бірақ есін біледі “мені өлтірмек болды” деп бірнеше рет қайталады”, – дейді Мухаббат.
Баланың ата-анасы бірнеше сағатта Оралға жетті. Дәрігерлер оларға баланың тыныс алу жолдары мен денесінің 96%-ы күйіп қалғанын айтқан. Ақхалаттылар “Біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, бірақ Құдай емеспіз. Дұғада болыңыздар” деген.
Бірақ жеткіншек арада бір апта өткен көз ауруханада көз жұмды.
Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, полиция қайғылы жағдайды жазатайым болды деген қорытындыға келді. Олардың нұсқасы бойынша, Артем басқа балалармен аулада ойнап жүріп, подъезд маңындағы көліктің дұрыс жабылмаған жүк салғышынан бензин құйылған канистраны шығарған. Кейін ол бензинді төгіп, тұтатқан, сол сәтте оның киімі өртенген. Салдарынан бір бала күйік жарақатын алып, Артем қайтыс болды. Бұл іс номенклатураға тіркеліп, қайғыдан қан жұтқан ата-анасы жерлеу рәсімімен айналысқан.
“Келесі күні кешке 20 жастағы үлкен ұлым жүгіріп келіп “Анашым, тез подъездің алдына келші”деді. Түссем, бірнеше қыз тұр екен, олар жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Бірақ олардың нұсқасы мүлдем басқа. Олардың айтуынша, Артемды бензин шашып, от қойған – сол ойнап жүрген балалардың бірі. Балалардың біреуі бәрін көзімен көрген. Оның сөзінше, 6 жастағы Тамерлан Артемға өзіне бензинге шашып, тұтатса оған ақша беретінін айтқан. Артем келіспеген соң, Тамерлан оның үстіне бензин шашып, сіріңкені тұтатып, от қойған көрінеді”, – дейді Артемнің анасы.
Ұлынан айырылған ана полицияның жағдайды көзімен көрген баладан жауап алмады деп отыр. Артемға алғашқы көмек көрсетіп, үйіне жеткізген екі жасөспірім де қайғылы жағдай болған сәтте оқиға орнында кемінде екі ересек адам болғанын айтады. Олар бәрін анық көрген. Бірақ полиция жасөспірімдерді де, ересек куәгерлерді де іздеп, жауап алмаған. Тіпті баланың апасынан, жедел жәрдем қызметкерлерімен, баланың “мені өлтірмек болды” деген сөздерін естіген адамдармен де сөйлеспеген.
Абай облысында көлік қағып кеткен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Абай облысында көлік қағып, қаза тапқан балалар ата-әжесіне қонаққа келген
Мухаббаттың айтуынша, істің материалдарында бар болғаны үш қана жауап парағы бар. Құқық қорғаушылар көліктің жүргізушісінен, Тамерланнанжәне оқиғаға мүлдем қатысы жоқ баладан жауап алған. Көліктің иесі де оқиғаны өз көзімен көрмеген. Алайда полиция Артемның ата-анасы жинаған барлық мәліметтерді есепке алмай отыр.
“Біз баламызды қайтара алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ біз әділдікті талап етеміз. Қазір бар кінәні баламызға жауып отыр. Ал материалдардың бәрі мүдем басқа нәрсені көрсетіп отыр. От қойған басқа бала өзгелердің өміріне қауіп төндіреді. Біз тек істің толыққанды тергелуін, шын куәгерлерден жауап алуды, әлі дайын емес сараптама нәтижелерін ескеруді талап етеміз. Тергеуді жүргізбей жатып істі қалай номенклатураға жіберуге болады” – дейді баланың ата-анасы.
Олар полицияға және прокуратураға арыз жазды. Полицияға бар мәліметті ескере отырып істі қайта тергеуді талап етіп шағым түсірді, прокуратураға – полицияның әрекетсіздігі үшін арызданды.
Еске салайық, Оралда канистрды жағып жіберіп, денесінің 95%-ын күйік шалған 8 жасар бала көз жұмған еді. Бұған дейін Ақмола облысында 10 жастағы бала найзағай түсіп, қаза тапқаны туралы жазған едік.

Алматы әкімдігі шетелдік туристерге сыйлық үшін 44 миллион теңге жұмсады
