Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенсация: "Бенфиканың” қақпашысы "Реалға" гол соғып, командасын плей-оффқа шығарды

Чемпиондар лигасыФото:Getty Images

29 қаңтарда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчтар өтті. Сол ойындардың бірінде күтпеген жағдай орын алды. Мадридтік "Реал" Лиссабонның "Бенфика" командасынан 2:4 есебімен ұтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойын басталғанда "Реал" басымдық танытты. Киллиан Мбаппе екі гол соғып, дубль жасады.

Алайда уақыт өте келе "Бенфика" жағдайды түбегейлі өзгертті. Матч барысында "Реалдың" екі ойыншысы алаңнан қызыл қағаз алып қуылды. Бұл корольдік клубтың жағдайын қиындатты.

Соңғы минуттарға дейін есеп 3:2 болып, "Бенфика" алда тұрды. Бірақ плей-оффқа шығу үшін командаға тағы бір гол керек еді.


“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады: Алматылық клуб “Арсеналға” 3:2 есебімен жеңілді


“Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы табысы: Алматылық клуб қанша қаржы тапты?


Соңғы стандартты орындауда "Бенфиканың" қақпашысы Анатолий Трубин шабуылға қосылды. Ол баспен соққы жасап, шешуші голды сыйлады. Осылайша украиналық голкипер матчтың басты қаһарманына айналды.

Бұл нәтижемен "Бенфика" плей-оффқа шықты, ал мадридтік "Реал" үздік сегіздіктен шығып қалды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 15:27