Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белсенді Қазақстанда АЭС салынатын орынға байланысты үкіметті сотқа берді

Фото: depositphotos.com

Азаматтық белсенді Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу үшін таңдалған орынға қатысты қаулыны заңға қайшы деп тану туралы үкіметке қарсы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Азаматтық белсенді Әлнұр Иляшевтің талап-арызындағы үкімет қаулысы өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған. Қаулы Алматы облысының Жамбыл ауданында "Атом электр станциясы" ядролық қондырғысын салу аймағына қатысты. Талапкер бұл қаулының заңдылығына күмән келтіреді. Белсендінің пікірінше, АЭС салынатын орынның Сары-Шаған сынақ полигонына жақын орналасқан, бұл АЭС үшін қауіпті болуы мүмкін.

Айта кетейік, Сары-Шаған әскери сынақ полигоны Балқаш көлінің солтүстік-батысы мен батысында, Бетпақдала даласында, Қарағанды және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Ашық дереккөздерде көрсетілгендей, бұл полигонды Ресей Федерациясы жалға алған.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты бұл белсендінің талап арызын тіркеді, алайда сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрлігі 1 шілдеге дейін АЭС салатын компанияны анықтайтынын мәлімдеген еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 22:08
Талқылау