Белсенді: Аналар оқушы қыздарына мүшеқапты қолдануды өздері үйрету керек
Желі қолданушысы Бекзат Садықов есімді азамат өзінің оқушы кезін есіне ала отырып, бүгінгі ата-аналарға кеңес берді. Оның айтуынша қалалы жерлерде ең әдепті, сабағын бірінші орынға қоятын қыздардың өзі, жыныстық қатынасты мектеп қабырғасынан бастайды екен.
Ол өз сыныптасының және оның құрбыларының басынан өткен жағдайды мысал ете отырып, ата-аналарға ақылын айтқан, деп жазды Stan.kz сайты.
«Мектептің кезінде жақын досым болды. Бар жұмысы қыздармен көңіл көтеру еді. Оның түріне қарасаң өте сүйкімді әрі тартымды. Бірақ, күнде кешкісін бір қызбен төсектес болу әдеті еді. Онымен төсектес болып жүрген қыздарды сыртынан қарап, ондайға қимайсың. Бірде ол «5 мың теңге берші. Құрбым ойламаған жерден жүкті болып қалды» деді. Мен «5 мың теңгеге не істейсің?» деп сұрадым. Айтуы бойынша, жүкті қыз Қытайдың бір дәрісін алып ішеді екен. Содан бірден түсік тастайды-мыс. Ол досым, бұған дейін бұндай жағдайдың төрт мәрте болғанын айтып мақтанғандай болды»,- деп түсіндіреді Бекзат Садықов есімді желі қолданушысы.
Бекзат Садықовтың сөзінше мұндай әрекетте жігіт өз рақатын алып, құтылып кетеді. Ал мәселені шешу қызға ғана ауыртпашылығын түсіреді. Ол не баланы алдырады, немесе денсаулығын кепілге қоя отырып түсік тастайды, не баланы өмірге әкеледі. Бұл нұсқалардың қайсысы болса да оңай емес.
«Ата-аналар, «менің қызым ондай емес» дегенді айта көрмеңіздер. Сіздер білмейсіздер қыздарыңыздың көшеде не істеп жүргенін. Сондықтан, жыныстық қатынас туралы ерте бастан айтыңыздар. Мүшеқап қолданған қыз бұзылған деген сөз емес. Оны тек жезөкшелер мен жеңіл жүрісті әйелдер қолданбайды. Мысалы, қыз ақыры төсекке көнген екен, тым болмаса өзін жұқпалы аурудан сақтандырсын, жоспарсыз жүктіліктен қорғасын. Ол төсек қатынасына барғанда ұялмай, қорғанудан ұялып қалады. Ал әбден денсаулығынан айырылған кезде кірген естің не керегі бар? Сондықтан аналар, қыздарымен ашық сөйлесуі керек»,-дейді желі қолданушысы.
Бекзат Садықовтың сөзінше әр қызды бір арбап жүрген жігіттер, жас қыздарға мүшеқап қолдануды үйретпейді.
«Мысалы, мен досыма ылғи айтатынмын. Қыздан обал, өзіңе де артық жұмыс, одан да мүшеқап қолдансаңшы деп. Оның жауабы «Мүшеқапты қолдану- газға қарсы маскамен гүлді искеумен тең». Сондықтан, аналар қыздарыңызға мүшеқапты қолдануды өздеріңіз айтыңыздар»,-дейді ол.
Ал Садықовтың осы жазбасынан кейін қыздар өздерінің ата-анасынан жасырып, ерте бастан төсек қатынасына барғандарын ашық айтқан.
Оқи отырыңыз:
Шашын алқызыл түске бояп тастаған Жеңіс Ысқақова тағы да сынға ұшырады
Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді
Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын
Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды