Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер: Педофилдерге қатаң заң шығару үшін, депутат немесе министрдің қыздары зорлану керек пе?

Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек Сәтпаев қаласында болған оқиғаға байланысты даурыққан елге өз пікірін ұсынды,-деп жазды Stan.kz.

Айгүл

Құқық қорғаушының сөзінше күзет полициясының қызметкері өз қызметі мен мүмкіндігін шектен тыс асыра пайдаланған.

«”Сержант” ешқандай да прав емес! Педофилді ұрған сержанттың видеосын көріп шықтым. Камераны өзі қосып, ұрып болған соң өзі өшірді. Атын шығару немесе достарының алдында мақтану. Қазақтың мықты жігіттері ондай оңбағандарды көрсетпей жəне үндемей жазалайды.

Ал бұл жігіт өз қызметін асыра сілтеп пайдаланып заңды өз қызмет бабын атқарып отырған жерінде бұзып отыр. Шын намыстанып тұрған адам камераны қоспай – ақ быт шытын шығарып ұруға болатын еді. Бұл жабайы қоғамның қалптастыру белгісі. Сол себептен мен ол сержантты қолдамаймын. Заң бəрімізге ортақ! Заң мен жүретін қызметкерлер қоғамға үлгі болу керек!»,-деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Ал желіде белсенді халық бүлдіршінді азаптаған адамды жазалаған күзетшіні қоғап отыр. Оның педофилді ұрып-соғу адами тұрғыдан өте орынды деп санайды.

Белгілі заңгер бұл мәселеге қатысты  заңдағы босаңсыған жауапкершіліктің кесірінен жабайы қоғамның қалыптасып қалғанын айтады. Себебі ретінде педофилдердің санын азайтатын қатаң заңның іске қосылмай отырғанын айтқан.

«Заң əлсіз болған соң, халық өзі жазалауға кіріседі. Жабайы қоғамды билік өзі қалыптастырып отыр.

Педофилдерге қатаң заң шығару үшін, депутат немесе министрлердің 5 жасар қыздары зорлану керек пе?

Соңғы екі жылда Республика бойынша осы қылмыстың түрі көбейіп кетті. Заң əлсіз болған соң, бұл қылмыс алдағы уақытта көбеймесе азаймайды. Жаңалықтарды ашсаң оқитынымыз тек педофилдер болып кетті. Қайда кастрация туралы заң? Нақты қылмысты алдын алу барысында қандай іс шаралар жасалынып жатыр? “Химиялық жолмен жазалау қаралып жатыр”- деп айқайлап едіңіздер!

Қайда енді ол заң? Қашанғы бүлдіршіндер зорлық көре беру керек? Елбасы қол қойылған заң еліміздің қай облысында жүзеге асты? Бас Прокуратура маған осыған нақты жауап берсінші?!

Халық өздері жазалауға кірісіп жатыр жəне оны құзырлы органдар қылмыс деп бағалап отыр. Неге біздің ел қылмыскерлерге толып кетті? Зорлаған адамда қылмыскер жəне жазасын берген адамда қылмыскер! Қылмыскерлерді қолдан жасап отырған жоқпыз ба?»,-дейді Айгүл Орынбек.

Заңгер ашық пікірі үшін өзін сынаған халыққа маман ретінде жауапбергенін түсіндіргісі келеді.

“Мен бұл жерде педофилді қорғап тұрғаным жоқ. Заңның, оларға шығарылатын жазаның әлсіздігін айтып отырмын. Ал күзетші өз кезегінде заңды бұзып отыр. Жазалайтын болса басқаша яғни заңды түрде әрекет етуі керек еді. Біздің әлсіз заңымыз азаматтарды жабайылыққа баруға итермелеп тұр. Бар айтпағым осы болатын”,-деді заңгер  Stan.kz  тілшісіне берген жауабында.

 

Оқи отырыңыз:

Астанада ит жейтін бір топ адам ұсталды

Тоқтар Төлешовтың 4 әйелі мен 21 баласы далада қалды

Қарағанды облысында шенеунік қызметкерлерінің не істеп, не қойғанын жасырын камерамен көріп отырған

Аша Матай Жазира мен Жанболаттың бейнебаянына не себепті түспей қойғанын түсіндірді

“Ninety one” тобы: Димаштың стилі біздің ACE-тікіне ұқсайды

Баян Есентаева тағы да Алматы әкімдігіне шағымданды (видео)

Талқылау