Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады
Өткен сенбіде құқық қорғаушылардың ерлігіне тәнті болған кәсіпкер полиция қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтің жұбайларына 5 миллион теңгеден сыйлаған.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Павлодарлық полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді “Бүгін біз Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Қазір қандай қиындықты бастан кешіп жатқандықтарын елестету өте қиын. Тезірек сауығып кетуін тілеп, материалдық көмек көрсетеміз. Олардың жасаған ерлігі әрбір қазақстандықтың жүргенде мәңгі қалары сөзсіз, себебі ол нағыз қаһармандардың фильмдерде ғана емес, өз арамызда да бар екендігін дәлелдейді”, — деді “АЛМАТЕЛ” АҚ бас директоры Эрик Франке сыйлықтарды ұсынып.
“Союз Отцов” қоғамдық бірлестігі елбасыдан бұл полицейлерге мемлекеттік марапат беруді сұрады. ҚР Президент Әкімшілігіне арналған үндеудің мәтінін қоғамдық бірлестік басшысы Қуаныш Жұматаев әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.
“Мұрат пен Баянбек үлкен ерлік жасап, балалардың өмірі үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейін танытты. Өздерін нағыз әке, нағыз Отан қорғаушысы ретінде ұстап, полиция қызметкерінің қандай болуы керектігін көрсетті, ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдерді құтқарып қалды”, — делінген хабарламада.
Бұған дейін оқушыларды жарысқа жеткізіп тастамақшы болған полицейлер өз өмірін қатерге тіге отырып құтқарғаны жайлы жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)
Балқашта бойжеткенді жігіті мен досы зират басында зорлап, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген (фото)
Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)