Белгілі ақын Күләш Ахметова дүниеден өтті
Фото: juldyz.kz
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күләш Ахметова мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері атанған.
Ақынның әр жылдары "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" атты өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырманнан лайықты бағасын алған.
Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Еске салсақ, бұған дейін ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген