"Белбеумен сабаған, енді Stories-те бірге": Рэпер Qurt пен жұбайы жанжалдан кейін татуласты
Фото: Аружан Қойшубаеваның жеке парақшасы/ Biogr.net
27 маусымда рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) пен оның әйелі Аружан Қойшыбаева арасындағы жанжал қоғамда үлкен резонанс тудырды. Аружан әлеуметтік желіде денесіндегі көгерген жерлердің суреттерін жариялап, күйеуінің өзін бір сағат бойы белбеумен ұрғанын мәлімдеген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағдай қоғамда үлкен сынға ұшырап, полиция рэперге қорғау ұйғарымын шығарды және істі сотқа жіберді. Алайда кейін белгілі болғандай, сотта ерлі-зайыпты татуласқан. Аружан әлеуметтік желідегі зорлық туралы жазбаларын өшіріп, Instagram парақшасындағы "Актуальное" бөліміне күйеуімен түскен ортақ фотоларын қайта жүктеген.
Полицияның баспасөз қызметі қазір жәбірленушіден жаңа арыз түспегенін, бірақ қосымша тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қосымша шаралар жүргізіліп жатыр. Соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады", – делінген полиция хабарламасында.
Аружанның арызын не себептен қайтарып алғаны және сотта қандай келісімге келгені әзірге белгісіз.
"Әйелдерге сабақ болсын": Ер адам жұбайын жазалау үшін үш айлық ұлын шелектегі суға батырып өлтірген
Жетісу облысында ер адам әйелін ұрып өлтірген
Еске салайық, бұған дейін рэпер Qurt-тың жүкті жары Аружан Қойшубаева өзін бір сағат бойы белдікпен ұрып-соғып, пәтерден шығармай қойғанын мәлімдеген еді. Аружан бұл оқиға 27 маусым таңертең болғанын айтып, Instagram желісінде көгерген денесінің суреттерін жариялады. Ол қатты айғайлап, көршілердің көмегімен құтқарылғанын, кейін рэпердің елден кетпек болғанын және өзін шағым жазбауға мәжбүрлемек болғанын жеткізді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
