Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьте екі әйелдің өмірін қиып, өлім жазасына кесілген азамат атылды

Беларусьта екі әйелдің өмірін қиып, өлім жазасына кесілген қылмыскер Александр  Осиповичтің үкімі іс жүзінде орындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы іске мемлекет тарапынан айыптаушы болып тағайындалған Ольга Иванова мәлімдепті. 

Осы жылдың қаңтар айында Осипович соттың бұл үкімін аппеляцияға бермекші болыпты, алайда судья оның бұл өтінішін негізсіз деп тапқан. 

Беларусь Европа және ТМД елдерінің арасында өлім жазасынан бас тартпаған жалғыз мемлекет болып саналады. Бұл елде ауыр қылмыс істеген адам өлім жазасы тағайындалады екен. Мемлекеттегі ауыр қылмыстардың қатарына жаппай жаратқатау қаруын қолдану, соғыс бостау, геноцид, халықаралық терроризм, кісі өлтіру, билікті басып алу, теракт, құқық қоғау органдарының қызметкеріне қол салу және мемлекеттікке опассыздық жасау жатады. Өлім жазасына 18 және 65 жастан асқан азаматтар кесіледі. Және ол мылтықпен ату арқылы жүзеге асырылады екен.

Естеріңізге салай кетейік, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс білдірген еді. 

 

Талқылау