Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі әйелінің көңілдесін бопсалап біразға дейін ақша алып келген

Әдетте әйелі көзіне шөп салған жағдайда ері бірден ажырасуға арыз жазады. Жанжал шығарып, опасыздық жасағын жұбайын ұрып-соғатындар, тіпті, өздігінен өлім жазасына кесетіндер де бар. Ал Могилев тұрғыны бұл жағдайды өз пайдасына шешіп алмақшы болған. Ол әйелінің көңілдесінен ақша талап етіп бопсалаған.

беларусь

36 жастағы ер адам өз әйелінің көңілдесіне қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалағаны үшін айыпталуда. Әйелінің опасыздық жасағанын білген ол әлеуметтік желіде жалған есіммен жаңа парақша ашып, оның көңілдесіне хат жаза бастаған.

Онда ол жігіттің үйлі-баранды әйелмен кездесіп жүргенін білетінін, бұл туралы оның күйеуіне жеткізетінін айтып қорқытқан. Талап еткен сомасына қол жеткізген азамат оны да қанағат тұтпай, қайта ақша сұратқан. Бұл туралы тергеу комитеті хабарлады.

Күйеуі әйелінің ашынасынан алғашқыда 500 доллар сұратқан. Оған қол жеткізгеннен кейін қомағай еркек тағы да осындай көлемде қаржы талап етсе керек-ті. Ақырында ашкөз еркек екінші рет ақша алып жатқан кезінде ұсталып қалды. Азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Беларусь елінің қылмыстық кодексіне сәйкес, ол үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады (мүлкі тәркіленуі не тәркіленбеуі де мүмкін).

Жіберіп алмаңыз: 

Қыздың жарқыраған аяғы туралы желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды (фото)

Неліктен Оңтүстік Корей елінің тұрғындары өздерін жерлеу рәсіміне дайындайды

130 жастағы мұсылман әже 450 шөбере тәрбиелеп отыр

Талқылау