Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекзат Алмахан UFC чемпионының бұрынғы қарсыласына қарсы жекпе-жекке шығады

Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан UFC лигасындағы көптен күткен келесі жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Jeff Bottari/Getty Images

Нидерландтық Eurosport-тың сенімді журналисі Марсель Дорфтың ақпаратына сүйенсек, Алмахан 10 мамырда Монреальда өтетін UFC 315 турнирінде өнер көрсетеді. Бекзаттың бұл жарыстағы қарсыласы – канадалық Брэд Катона болмақ.

Катона спорттық мансабында осыған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңілген. UFC-де сегіз кездесуге шыққан, және барлығы төрешілер шешімімен аяқталған. Брэд спорттық карьерасында ешқашан мерзімінен бұрын жеңіліп көрмеген.

Брэд Катона 2019 жылы осы салмақтың болашақ чемпионы Мераб Двалишбилимен жекпе-жекке шығып, жеңіліс тапты. 33 жастағы Катона The Ultimate Fighter шоуында екі рет жеңімпаз атанған. Сонымен қатар 2021 жылы UFC-ден кеткеннен кейін, Brave ұйымында төрт жекпе-жек өткізіп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Бұл Бекзат Алмаханның UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Бұған дейін спортшымыз Омар Нурмагомедовке қарсы америкалық лигадағы дебюттық кездесуін өткізген еді. 2024 жылдың наурыз айында өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Айта кетейік, Бекзат бұл кездесуге аз уақыт қалғанда шақырту алған еді. Осылайша бұл Алмаханның спорттық мансабындағы екінші жеңілісі болды. 

Отандасымыз осыған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен.

Талқылау