Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бектенов кәсіпкерлерді салық реформасына қатысты жаңа ережелерден қорықпауға шақырды

БектеновФото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов салық реформасына байланысты бизнес өкілдері арасында туындаған алаңдаушылықтарға пікір білдіріп, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтін жеткізушілерге салықтық шегерімдер жөніндегі жаңа ережелерден қорықпауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талқылауға себеп болған нормаға сәйкес, оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер кезіндегі шығындар салықты есептеу барысында есепке алынбайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай жалпыға бірдей белгіленген режимдегі компанияларға жеңілдетілген режимдегі кәсіпкерлермен жұмыс істеуді тиімсіз етуі мүмкін, бұл өз кезегінде шағын және микробизнесті қозғауы ықтимал.

Олжас Бектеновтің айтуынша, дәл осы мәселе кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудырып отыр, себебі жеңілдетілген декларация режимінде шамамен 400 мың шағын және микробизнес өкілі жұмыс істейді.

"Бұл санаттағы кәсіпкерлер өз болашағына алаңдамауы тиіс", – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы мемлекеттің салықтық өзгерістерді енгізу кезеңінде шағын бизнесті қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Қаржы министрлігіне салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізу және кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Сонымен қатар Қаржы министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды жедел қамтамасыз ету міндеті жүктелген.

Ұлттық экономика министрлігіне де бірқатар нақты тапсырмалар жүктелген.

"Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей режимде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуі қажет", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде "Өрлеу" бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту қарастырылып отыр.

Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі бизнес пайдасынан, табыс пен шығынның айырмасынан салық төлейді. Салықты азайту үшін компаниялар өз шығындарын есепке алады.

Жаңа ережелерге сәйкес, жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтін жеткізушілермен байланысты шығындар салықтық шегерімдерге енгізілмеуі мүмкін. Соның салдарынан, іс жүзінде шығын көлемі өзгермесе де, салық сомасы өсуі ықтимал.

Жалпыға бірдей режимдегі компания жеңілдетілген декларациядағы кәсіпкерден 1 миллион теңгеге қызмет сатып алды делік. Бұрын бұл сома шығын ретінде есепке алынып, салық аз мөлшерде төленетін.


 


Жаңа тәртіп бойынша мұндай шегерім қолжетімсіз болуы мүмкін, соның салдарынан компания шығынды есепке алмай, жоғары салық төлеуге мәжбүр болады. Сарапшылар компаниялар үшін жеңцілдетілген режимдегі кәсіпкерлермен жұмыс істеу тиімсіз болуы ықтимал.

Үкімет өкілдері бұл өзгерістер бизнеске қолдау шараларымен және кең түсіндіру жұмыстарымен қатар жүргізілетінін мәлімдеді.

Рая Мінәп
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 12:40