Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеуханның інісі ресейлік визажиске үйленді

Бекболат Тілеуханның туған інісі Мейрам Тілеухан ресейлік визажиске үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: instagram/sofia.kleint

Ресейлік визажисттің әлеуметтік желідегі парақшасынан оның Қазақстанға қоныс аударғанын байқауға болады. Тілеуханның келіні 3 қазаннан бастап Instagram желісіндегі локациясынан Алматыны белгілей бастаған. Суреттерінің астындағы жазбада Мейрам Тілеуханды "күйеуім" деп көрсеткен. Тіпті олардың мешітке барып, некелерін қиған суреттері де жүр. 

Сондай-ақ ол өмірінде жаңа кезең басталғанын айтып, жазба жариялаған. 

“Ол мүле басқа болғанымен, маған қатты ұнайды. Соңғы кезде көптеген өзгерістер болды – өзге елге көштім, тіл үйреніп жатырмын, қайтадан көлік жүргізуді үйреніп жүрмін, үйдің құрылысы, тойға әзірлік, намаз үйрену, бірте-бірте исламға келе жатырмын", – деп жазды София Кляйн. 

Фото: instagram/sofia.kleint

Бұнымен қоса Мейрам Тілеуханның бұрынғы Тоғжан Қожалы әлеуметтік желіде енді Тілеухандар әулетінің келіні емес екендігін мәлімдеді. Айтуынша, ол жақсы әйел, жақсы келін болған. Экс-жұбайынан бір қызы бар.

"Осы пост арқылы ерлі-зайыпты Тоғжан мен Мейрам енді бірге емес екенін жариялаймын. Енді мен Тілеухан әулетінің келіні емеспін. Жаңа жұпқа бақыт пен жақсылық, сондай-ақ көп балалы болуын тілеймін. Ал мен бұрынғыдан да бақытты тәуелсіз өмірдің жаңа кезеңін бастадым", –  деп жазды ол. 

Талқылау