Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air әуе апатына екі жыл толды: Тергеу жұмыстары туралы не белгілі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайы аумағында Bek Air әуе компаниясының ішінде 93 жолаушысы және бес экипаж мүшесі бар Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша арнайы комиссия құрды. Министрлік тексеру жұмысына қатысты кейбір деректерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) туралы конвенцияға сәйкес әуе апатын тексеруге Нидерланды Корольдігінің Қауіпсіздік жөніндегі бюросының және Мемлекетаралық авиация комитетінің уәкілетті өкілдері, Ұлыбритания Корольдігінің авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі бөлімшесінің уәкілетті өкілі, сондай-ақ олардың кеңесшілері және өндіруші-зауыттың (Ұлыбритания корольдігі) маманы қатысты.

"Апат себебін анықтауға бағытталған тексеруді кешіктіруге COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген локдаундар негізгі себеп болды. Бұл жағдай авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы мен тергеуге қатысқан шетелдік әріптестердің жұмысына айтарлықтай әсер етті. Нидерланды Корольдігінің Қауіпсіздік бюросы тек 2021 жылдың қазан айында комиссия бөлшектеген және оларға жіберілген әуе кемесінің тірек беттерінің элементтерін зерттеу нәтижелерін ұсынды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сенсек, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Комиссия барлық қажетті материалдар мен зерттеу нәтижелерін жинау үстінде.

"Тергеуге қатысушы барлық мүдделі мемлекеттерден қорытындылар алынып, есеп жобасы жасалды және келісілді. Тексеру жөніндегі есеп жобасы ИКАО-ның №13 қосымшасына сәйкес тергеуге қатысқан мемлекеттерге келісуге және елеулі ескертулер болса ұсынуға жіберілді. Ресми келісу мерзімі –  60 күнтізбелік күн. Жақын арада ҚР ИИДМ келісу нәтижелерін алуды жоспарлап отыр", – делінген.

Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан Bek Air ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңертең апатқа ұшырады. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Талқылау