"Базарда жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан": Танымал актер анасына көлік сыйлады

Актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар анасына темір тұлпар мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қанша жыл базарда күннің ыстық-суығына қарамай жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан анашымның өміріндегі алғашқы көлігі”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің анасын жарыса құттықтап жатыр.
“Құтты болсын! Игілігіне мінсін! Жарайсың, Алла тіл көзден сақтап, абыройың асқақтай берсін!”, “Аналарымыз барлық сыйлыққа лайық”, “Құтты болсын!”, “Құтты болсын”, “Бізге де жұғысты болсын”, “Қандай керемет көрініс”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов актер әрі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтарға ашық түрде жекпе-жек өткізуді ұсынғаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды