Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Базарда манты сатып, үш түйе алдым": Кәсібін дөңгелеткен қазақстандық шұбатты Қытай мен Таяу Шығысқа экспорттап жүр

Алматы облысының Ақши ауылында кәсіпкер түйе сүтін Қытай мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото сюжет кадрларынан

Іле ауданындағы шаруа қожалығы күн сайын 5 тонна түйе сүтін, ай сайын 15 тонна шұбатты ұнтақ түрінде шығарады. Өнімнің жартысы шетелге жіберілсе, қалғаны ішкі нарықта сатылады.

Шаруашылық жетекшісі Сыдык Даулетов 90-шы жылдары отбасымен бірге Қарақалпақстаннан көшіп келген. Алғашқы уақытта күнкөріс үшін Алматының базарларында үйде дайындалған “манты” сатумен айналысқан екен. Кейінірек жинағын азын-аулақ қаражатына үш түйе сатып алып, өз кәсібін дамытуға кіріскен. Міне, қазір Қазақстанның табысты кәсіпкерлерінің қатарында кірген.

"Пайдалы қазба 10 жыл немее 100 жыл болсын әйтеуір тасылады. Сондықтан "қара алтыннан" "ақ алтынға" көшу керек. "Ақ алтын" - бұл Қазақстан жеріндегі байлық, оларды тиімді пайдалану қажет. Бұл ауыл шаруашылығы: мал өсіру және егіншілік," - дейді кәсіпкер Сыдык Даулетов.



Кәсіпкер үш жыл бұрын Ақши ауылында құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт салды.

"Ол 1,2 миллиард теңге инвестиция тартып, біздің ауылда зауыт ашты. Онда түйе сүтін өңдеп, оны ұнтақ түрінде шетелге жібереді. Қазір өнімдерді Қытайға жеткізуде, ал шамамен бір тонна құрғақ сүт араб елдеріне жөнелтіледі," - деді Куртин ауылдық округінің әкімі Толеен Омаров.

Сыдык Даулетов өзінің бизнесін 23 жыл бұрын үш түйеден бастады. Бүгінде оның шаруашылығы 7500 бас түйеге дейін өсті. Бірақ кәсіпкер бұнымен тоқтап қалмайды. Болашақта түйе басын 15 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Сол кезде оның түйе өсіру шаруашылығы өңірдегі ең ірі шаруашылықтардың бірі болады.

Талқылау