Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байлықтың иісі мен менің энергиям бар": Гүлзира Айдарбекова отандық өнім шығарды

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жеке өнім шығарып, бизнеспен айналысатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Арт-менеджердің сөзінше, мұндай өнімді бұрын-соңды кездестірмеген. 

“Біздің үйде сусабыннан артық нәрсе тұрмайды. Бірі қайызғақ кетіруге арналған болса, екіншісі жылтыратады деп алғанбыз. Бірақ ешқайсысы көңілімнен шықпады. Жиын той мен концертте көп жүргендіктен шаш күтіміне мән беремін. Халықтың алдында жүргесін көп дүние тегін де келеді. Бірақ көңілімнен шығатын шаш күтіміне қатысты өнімді таппадым. Содан не керек сусабын шығардым. Мұндай өнімді әлі ешкім шығарған жоқ. Қазақстандағы №1өнім”, – деп жазды продюсер. 



Одан кейін бағасы мен сапасына да тоқталып, өте аз данада шығарғанын да жасырмады. 

“Бәріңіз білесіздер, бар қазақтың маңдайына жұлдыз болып біткен Қайраттай ұлды дүниеге әкелдім. Менен киімім мен затымды сұрайтындар көп. “Маған да жұғысты болсын” деп ырымдап жатады. Осы жолы сіздерге шынымен жұғысты болады. Бұл өнімде менің энергиям мен байлықтың иісі бар. Менің 20 жылдық арманымның жемісі. Қайраттай ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ананың еңбегі. Бағасы мен сапасын уайымдамаңыздар! Құндылығы өте жоғары”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 08:55
Талқылау
`