"Байлықты бір қолға беріп, ұрлауға ыңғайлы қылып отырмыз": Депутат "Самұрық-Қазына" қорын сынға алды
Фото: sk.kz
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 мамыр күні мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкімет пен жоғары аудиторлық палатаның есебі таныстырылды.
Талқылау барысында депутат Жұбанов қазақстандық ұлттық компанияларда ешқашан бизнеспен айналыспаған өте бай адамдар жұмыс істейтінін айтты.
"Бір күн болсын кәсіпкерлікпен айналыспаған адамдар бар, бірақ олар өте бай, себебі ұлттық компанияларда жұмыс істейді. Отбасыларының бірде-бір мүшесі жеке бизнеспен айналыспаған, бірақ біз олардың өте бай екенін білеміз. Біз байлығымыздың бәрін бір қолға беріп қойған сияқтымыз – ұрлауға ыңғайлы болсын деп. Жалпы, мен "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне қарсымын. Бұл қор таратылып, бәсекелі ортаға берілуі тиіс. Сіздердің "Самұрық-Қазына" компаниясына қатысты көзқарастарыңыз қандай?" – деп сұрады депутат жоғары аудиторлық палата өкілінен.
"Самұрық-Қазына" қазіргіден 10 есе көп табыс таба алады – Сарапшы Қазақстан экономикасына қатысты
Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар үш компания "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне өтті
Палата мүшесі Нұрлан Нұржанов "Самұрық-Қазына" қорына тексеріс жоспарда бар екенін айтты.
"Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз "Самұрық-Қазына" қорына аудит жүргіземіз. Жоспарымызға сәйкес, тексеріс шілде айында аяқталады, содан кейін біз толық есеп пен ұсыныстарды ұсынамыз. Бұл мәселе бізді де қатты алаңдатады", – деді Нұрлан Нұржанов.
Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов президенттің қабылдауында болып, "Самұрық-Қазына" қорына тексеру жүргізілетінін айтқан еді.

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылар өз достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды
