Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңырдан ресейлік зымыран ғарышқа ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасығышы ұшырылып, "Прогресс МС-29" жүк кемесі халықаралық ғарыш стансасының орбитасына шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: roscosmos.ru

Зымыран Астана уақыты бойынша 17:22-де Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан ұшырылды.

Ғарыштық жүк кемесі ХҒС ресейлік сегментінің “Поиск” модулімен 23 қараша күні түйісуі қажет. Екі күнде "Прогресс МС-29" Жерді 34 рет айналып шығады.

“Роскосмос” ұйымының мәліметінше, жүк кемесі орбитада 186 күн болады.


Батыс Қазақстанда Ресей зымыран полигонын орналастырғаны үшін төлемді кім алады – Аймақ басшысы жауап берді


 Жүк кемесі станцияға 2,5 тоннаға жуық жүк, соның ішінде: 

- 1155 келі аппараттар мен жабдықтар, оның ішінде ғылыми тәжірибелерге, экипажға арналған киім-кешек, азық-түлік, медициналық және санитарлық-техникалық бұйымдар;

- станция үшін 869 келі жанармай отыны;

- ғарышкерлер үшін 420 келі ауыз су; 

- ХҒС атмосферасын толтыру үшін 43 килограмм азот бар. 

Қазіргі уақытта халықаралық ғарыш стансасында жеті адамнан тұратын экипаж жұмыс істейді – Роскосмос ғарышкерлері Алексей Овчинин, Иван Вагнер және Александр Горбунов; NASA астронавтары – Ник Хейг, Дональд Петтит, Батч Уилмор және Сунита Уильямс.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшыратыны туралы жазған едік.

Талқылау