Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасымалдағышы ұшырылды
5 ақпанда Астана уақытымен 15:12-де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зымыранға "Электро-Л" №4 ғарыш аппараты бекітілген.
"Электро-Л" ғарыш аппараттарының сериясы ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация жағдайын сараптауға, мұхиттар мен теңіздердің акватиориясын бақылауға, сонымен қатар қауіпті аудандардағы төтенше жағдайды жою үшін шараларды жоспарлауға көмектеседі. Қазір Жер орбитасында 2011 жылдан бері жұмыс істейтін "Электро" жүйесінде екі жерсерік – "Электро-Л" №2 мен "Электро-Л" №3 қолданылады", – делінген Роскосмос хабарламасында.
Зымыранды ұшыру кезінде тікелей эфир 10 минутқа созылды. Зымыранның ең жоғарғы жылдамдыңы сағатына 24 мың шақырым болған.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"