Бәйгеге түсу үшін сәл-сәл арсыздық керек екен: Роза Әлқожа Мейрамбек Бесбаевқа ренжігенін айтты
Әнші Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппар Әлқожаға сын айтқан Мейрамбек Бесбаевтың төрелігіне қатысты ренішін айтты.
“Өз басым “Жекпе-жекке” қатыспаушы ем. Бəйгеге түсу үшін адамға қойылған дауыс, мықты демеуші, сəл-сəл арсыздық, азырақ қулық, сосын сынбайтын көңіл керек қой!
Оның үстіне осынша уақыт өз еңбегіңмен бейнебаян түсіріп, əн жаздырып, əрең танылғанда өзі сахнада дəл жобада талап қойғандағыдай жанды дауыста əн айта алмайтындар баға беріп, кеудеңнен кері итеріп отыратын болса!
“Зибаш-ай” құдалықтың əні деді ғой менің сүйікті əншім. Ол – халық əні. Ол біздің бесік жырының орнына естіп өскен аяулы əніміз! Адам құдалықта жүрегіне жақын əнді орындайды!!!”, – деп жазды Роза Әлқожа желідегі парақшасында.
“Баян домбыраны, домбыра баянды, ол екеуін Әбдіғаппар түсінген жоқ. Бір-бірін түсінбеген дүние көрдім. Мықты әншілеріміз әнді үлкен деңгейге емес, құдалыққа апарып тастады. Құдалыққа барғандай болдым. Қандай ән болсын, жоғары деңгейге көтереміз деп отырмыз. Бірақ керісінше болды. Менің көңілім толмады”, – деп пікір білдірген еді Мейрамбек “Жұлдызды жекпе жек” бәйгесінде Әбдіжаппар Әлқожаның әніне төрелік айта отырып.
Алайда пікір білдіру барысында Мейрамбектің “Зибаш-ай” әні халық әні емес, бұл құдалық әні деген мағынада айтқанын байқамадық. Мейрамбек тек әннің қай деңгейде айтылғанын көрсеткенге ұқсайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.