Әлем Кариб теңізі дағдарысынан бері алғаш рет ядролық қаруды қолдану қаупіне тап болды – Байден
АҚШ президенті Джо Байден Владимир Путиннің Украинаға тактикалық ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін деп айтқанын “әзіл” деп санамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kommersant.ru порталына сілтеме жасап.
Байден мырзаның айтуынша, әлем 1962 жылғы Кариб дағдарысынан бері алғаш рет ядролық қаруды қолдану қаупіне тап болды.
Байден бұл тақырыпты Демократиялық партия мүшелері ұйымдастырған шарада сөйлеген сөзінде талқылады. Америка президенті тактикалық ядролық қаруды қолдану арқылы жағдай тез арада бақылаудан шығып, жаһандық жойылуға әкелуі мүмкін деп ескертті. Ол сондай-ақ жағдайдың Армагеддонмен аяқталуы мүмкін деп болжады.
Джо Байден Путинді "жақсы" білетінін айтты. "Біз Кеннеди кезінен және Кубадағы зымыран дағдарысынан бері Армагеддонға тап болмаған едік”, — деді АҚШ президенті (AP дәйексөзі).
Кариб дағдарысы 1962 жылы қазанда басталды. Бұған АҚШ-тың 1961 жылы Түркияда "Юпитер"орта қашықтықтағы зымырандарын орналастыру туралы шешімі себеп болды. КСРО Кубаға ядролық зымырандарын орналастырды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Никита Хрущев Кеңес зымырандарын егер АҚШ билігі зымырандарын Түркиядан шығарса және Вашингтон Кубаға басып кіру әрекетінен бас тартса алып тастауға келісті.
27 ақпанда, Украинада әскери операция басталғаннан бірнеше күн өткен соң, Владимир Путин ядролық қару кіретін стратегиялық тежеу күштерін "жауынгерлік кезекшіліктің ерекше режиміне" ауыстырды. 21 қыркүйекте президент Ресейдің аумақтық тұтастығына қауіп төнген кезде ядролық қаруды қолдануға құқығы барын еске салды. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әскери операция барысында "неғұрлым түбегейлі шаралар" қабылдауға, оның ішінде қуаты аз ядролық қаруды қолдануға шақырды.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров сәуір айында ядролық соғыс қаупі туралы айтқан болатын. Министр ядролық соғысқа жол бермеу Ресейдің негізгі ұстанымы деп мәлімдеді. АҚШ пен НАТО Ресей Федерациясына ядролық қаруды қолданудың салдары туралы ескертті. Альянс Мәскеу Украинаның жанында ядролық сынақтар өткізуі мүмкін деп болжады. Джо Байден АҚШ-тың Ресеймен соғысқа ұмтылмайтынын бірнеше рет айтқан.