Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баянның қайын атасы: Менің балаларымды бір сөзді дұрыс жаза алмайтын “сауатсыздар” сынайды

Күні кеше болашақ келінінің жаңа кітабын мақтаған Тұрым Алагөзов енді балаларын қорғауға кірісті. Ол Тұрсынғали мен Баянды даттағандарды «сауатсыздар» деп сөкті. Ал шынайы махаббат хикаясын білгісі келетін жандарға Баянның жаңа кітабын оқуға кеңес берді.

алагозовтер баянмен

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Белгілі дирижер әрі композитор Тұрым Алагөзов балалары туралы жазбасымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Құдай: Адамды тыңдама, ол кінәлі, тек Мені тыңда» дейді. Қасиетті кітаптан қандай керемет сөздерді оқуға болады. Бұған дейін де жазғанымдай, менің балаларым – ол менің балаларым. Оларға төрелік жасау бір ғана Құдайдың құзырында. Оның өзі уақыттың еншісінде. Ал мен тек қуана аламын немесе жабырқай аламын. Тіпті, мен олардың әкелері бола тұра даттай алмаймын. Менің балаларымды талқылап жатқандар мұны қашан түсінер екен?

Өздері сауатсыз, не қазақша, не орысша бір сөзді дұрыс жаза алмастан менің балаларымды сынайды. Балағаттан басқа ауыздарынан бір сөз шықпайды. Олар балаларын тастап кетті ме екен? Тұрсынғалидің екі баласы (қызы 27-де, ұлы 21-де) аналарымен бірге тұрады. Ауданы 1000 шаршы метр болатын екі зәулім үйлері, қымбат автокөліктері және жұмыс істемесе де бүкіл өмірлерін қамтамасыз ететін ақшалары бар. Баянның балалары өзінің қасында, ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқ. Мұны айтқым келген жоқ еді. Бірақ менің жасым 20-да емес, тіпті, 40-та емес. Ал балаларымды мен қорғамасам кім қорғайды? Мен страус ұқсап басымды топыраққа тығып, балаларымнан қашпаймын. Бұл жазбамды өзінің ауыр күнәларын есепке алмастан, балаларымның кішкентай ғана күнәсін сынап жатқандарға арнаймын. Олар бақытты болсын, балалары мен немерелерінің қызығын көрсін. Оларға зәулім сарайлар мен автокөліктер қалдырсын. Ал менің балаларым мұны 40 жасында жасады.

Менің балаларым туралы бар шындықты, көпке бұйыра бермейтін (онда Жібек те, Ләйлә дағ Зухра да, Джульетта да болмас еді) махаббат сезімі туралы бар шындықты білгісі келетіндер Баянның жақында жарық көретін кітабын оқысын», – деп жазды Тұрым Алагөзов.

Алайда аздаған уақыттан кейін Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі бұл жазбасын өшіріп тастаған.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Шын махаббатымды тапсам, бәріне де дайынмын

Баян Есентаева неліктен Ерке Есмаханмен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді

ЭКСПО қонағымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасова жұрттан ұрыс естіді (видео)

Қайын атасы Баянның кітабын оқып, жоғары бағалады

Талқылау