"Баян ақылды болып тұр": Айсәуле Бақытбек әкесімен кездескен фотосын көрсетті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевпен араласып тұратынын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер кішкентай қызы мен әкесінің кездескенін айтты.
“Өмір”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр.
“Айсәуленің әкесімен байланысы үзілмегеніне қуандым”, “Баян ақылды болып тұр”, “Атасы мен немересін көргенде жүрегім елжіреп кетті”, “Айсәуле сондай мейірімді, жақсы тәрбиеленген қыз”, “Қызы мен әкесі және немересі, қандай керемет көрініс”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан еді.
Бұған дейін, ол экс-жұбайы Баян Мақсатқызына пышақпен бірнеше рет соққы бергені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Баян бір өлімнен аман қалды. Оны үлкен қызы ашулы күйеуінен құтқарып қалған еді. Есентаев 9 жылдың 6 жылын өтеп, жәбірленушінің келісімімен бостандыққа шықты.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
