Баяннан аумай қалыпсың: Жұрт Еркенің күннен күнге продюсеріне ұқсап баратынын айтты
Ерке Есмахан жаңа образда түскен кезекті суретімен бөлісті. Жұрт Еркенің күннен күнге бұрынғы продюсері Баян Есентаеваға ұқсап бара жатқанын айтып сынады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Ай, Ерке қыз, Ерке қыз!
Сен-аққу болсаң, ел-теңіз!” – деп жазды Ерке бөліскен суретінің тұсына.
Бұл ретте желі оқырмандары өзін аққуға теңеген Еркенің бұл әрекетін ерсі деп тапты. Олардың пікірінше, мұндай бағаны әншіге халықтың бергені абзалырақ.
“Мына суретте Баян Мақсатқызына ұқсап қалыпты”, “Мына жерде бәрі жасанды, сіз макияжсыз әлдеқайда әдемісіз”, “Баянға еліктеп жүрсіз бе?”, “Құдай Баянға ұқсатқызбасын”, “Өз-өзін мақтай береді”, “Не деген мақтаншақсың”, – деп сынады желідегілер.
Есесіне әншінің сұлулығына қайран қалып, образының ерекше екенін айтқандар да баршылық.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты
Баян мен Тұрсынғали үйлену тойларына 1000 адам шақырмақ
Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес
Тұңғыш қызын көрсеткен Дәурен Айдарқұлов жұрттың талқысына түсті