Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян мен Тұрсынғали үйлену тойларына 1000 адам шақырмақ

Танымал продюсер Баян Есентаева мен кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов көктемде үйленеміз деп жар салғанымен, бұл сөздерін орындамады. Оның да өз себептері бар көрінеді. Бір жыл бойы ел аузынан түспеген жұптың үйлену тойы күз мезгіліне қалдырылыпты.

toybayan

Бұл туралы Баян мен Тұрсынғали Wedding four seasons журналына берген сұхбатында айтқан. Сұхбаттың алғашқы бетін желіде Айдана Асқар есімді қолданушы жариялады.

Тойдың қашан болатыны жайлы сұраққа Алагөзов: “Қай жылдың көктемі екенін айтқан жоқпын ғой”, – деп қалжыңмен жауап берді. Артынша шынайы себебін түсіндірді.

“Жүзік тағып жүрміз. Той өткізетін де ойымыз бар. Әрі бүкіл елмен бірге дүркіретіп тойламақпыз. 1000 адам шақыру ойымызда бар, қазір соған сәйкес келетіндей зал іздеп жатырмыз. Оған дайындық аз уақытты талап етпейді. Сондықтан да көктемге жоспарлаған тойымызды күзге қалдырдық. Ал жазда достарымыз жан-жаққа кетіп қалады. Сондықтан, тойымыз күзге қалдырылды”, – деп мәлімдеді Тұрсынғали Алагөзов.

Ал екінші рет ақ көйлек кигелі отырған Баян Мақсатқызы қандай сезімде жүргенін айтып берді.

“Әрине, екінші рет тойыңды күту – ол бір қызық сезім. Бірақ біздің жасымыз 18-де емес. Әр қадамымызды ойланып барып басатын ересек адамдармыз. Сондықтан жастар ұқсап ақ көйлек пен қонақтар жайлы аса ойланып жүргенім жоқ. Есесіне жаңа өмір мен жаңа сезімді асыға күтудемін. Бұрын өзімді есінен танңан деп ойлаушы едім, сөйтсем Тұрсен менен де асып түседі екен. Ал той көйлегіне келетін болсақ, үш метрге созылатын шлейф пен фата киетін ойым жоқ. Барлығы қарапайым, бірақ әдемі түрде болады”, – деп бөлісті Баян Мақсатқызы.

Сұхбат барысында танымал продюсер Жаратқаннан махаббат беруді сұрағанын айтты.

“Бірақ дәл бұлай болады деп ойламадым”, – деп ағынан жарылды ол.

втора свадьба или новая жизнь

Жіберіп алмаңыз:

 Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес

Димаштың 60 жастағы фанаты оны Америкадан арнайы іздеп келді

Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды

Алпамыс Шәрімов: Димаштың бағы жанды деп айта алмас едім (видео)

 

Талқылау