Баян Мақсатқызының бет-жүзі қалпына келе бастады
Франция, Үндістан елдерінде ем алып, Түркияда демалып келген Баян Мақсатқызының денсаулығы едәуір жақсарып қалды. Продюсер атышулы оқиғадан кейін алғаш рет бет-жүзін селфиге түсіріп, желіге жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Селфи жасайтын уақыт келген жоқ, бірақ әдеттің аты әдет», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында. Өз сөзінде продюсер бұл күздің бұрынғыдан өзгерек болатынын айтып қалды.
Баянның желідегі оқырмандары оның бет-жүзін көргеніне қуанды, тамсанып. мақтау сөздерін жаудырды. Продюсердің мықты, қайратты екенін айтып, денсаулық тілегендер қаншама?!
«Өте әдемісіз», «Тәніңізбен бірге жаныңыз да сұлу, оны жүзіңізден аңғару қиын емес», «Құдды ештеңе болмағандай», «Жарайсыз, сіз сондай мықты әйелсіз», «Ештеңеге қарамастан ғажапсыз», «Сіздің біздің өмірімізде алатын орныңыз ешқашан өзгермейді, ал сырт келбет уақытша дүние», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас вокал мұғалімінен ұрыс естіп қалды (видео)
Әдемі Тиматидің «Дерзкая» әнін фортепианоның сүйемелдеуімен орындады (видео)
Айсәуле Бақытбек қызыл колготки кигізген анасына ренішін айтты (фото)
Ибрагимовтің тойына бара алмаған «МұзАрт» тобы жастарға ерекше құттықтау жолдады (видео)