Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Менен көмек сұраған әр әйелді тұрмыстық зорлықтан қорғайтын боламын

Тұрмыстық зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің бірі түсірілім алаңына баса көктеп кіріп, Баян Мақсатқызын іздеген. Күйеуінен зәбір көрген әйел мұндай қадамға Баяннан көмек сұрау үшін барған. Естеріңізде болса, экс-күйеуінің соққысына жығылған продюсер тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдерді қорғау қорын ашамын деп уәде берген еді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Баян Мақсатқызының айтуынша, әйелдер құқығын қорғайтын қор ашамын деп айтқалы бері продюсерден көмек сұрайтын бикештер көбейген.

“Барлық жерде, әуежайда, көшеде, дүкенде, тіпті кафеде жаныма әйелдер келіп жатады. “Баян, сізді бірнеше минутқа бола ма?” деп шақырып алып, сұмдық хикаяларын айтады”, – дейді Мақсатқызы.

Продюсер алдағы аптада тұрмыстық зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің бірімен баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

“Бүгін түсірілім алаңында көмек сұрап келген әйелмен сөйлестім. Үш жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келеді екен. Бұдан былай жеке өзімнен көмек сұраған әр әйелге көмектесетін боламын”, – деп атап өтті Мақсатқызы.

Қазіргі уақытта Баян жобаны әзірлеуге білек сыбана кірісіп кеткен. Ол осы іспен айналысып жүрген жандармен пікір алмасып, тіпті, тәжірибе жинау үшін шетелге аттанбақ ниетте.

“Болашақ қордың атын да ойластырып қойдым, “Аю тас” болады. Ежелгі түркі тілінен аударғанда “отбасы” дегенді білдіреді. Қазақстанда әйелдер құқығын қорғаумен айналысатын жүзге жуық қор бар. Біз де қарап отырмай, зерттедік. Олар да жұмыс істеп жатыр. Бірақ біз қалағандай нәтиже жоқ. Жүз бірінші қор құрғым келмейді”, – дейді Баян.

Бұдан өзге, продюсер қазіргі таңда демеуші іздеп жүргенін жасырмады. Айтуынша, кітап сатылымынан түскен қаржы қор жұмысын іске қосуға жеткіліксіз.

“Апта сайын ақша түседі, сондықтан шатасуым мүмкін. Жалпы шамамен 40 миллиондай ақша керек деп ойлаймын”, – дейді Баян.

Мақсатқызы “СиСиТай” мюзиклін таспалап болған соң шығармашылықтан біраз уақытқа қол үзіп, қор жұмысымен айналыспақ ниетте.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Аиша шетелдің әнін 2 миллион теңгеге сатып алған (видео)

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

Белгілі заңгер: Қызындай жалаңаш әншіге ақша қыстырып мәз болған ер азаматтарда ұят жоқ

Америкалық фанаттар Димаш Құдайбергенді құшақ жая қарсы алды (видео)

Талқылау