Баян Мақсатқызы: Мен өзіме ұнай бастадым
Продюсер Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына суретін жариялап, келбетінің өзіне ұнай бастағанын айтты.
“Мен өзіме ұнай бастадым”, – деп жазады продюсер парақшасында. Желі қолданушылары Баян Мақсатқызының сөзін бірауыздан қолдай кетті.
“Сіз өте әдемісіз, әрқашан құлпырып жүре беріңіз”, “Өзіңізге жарасады”, “Сізді ешқашан жек көрген емеспіз”, “Батылдық танытып өзге әйелдерге үлгі көрсетті” деп жазады қолданушылар. Олардың арасында продюсерді сынағандар да бар.
10 маусымда болған атышулы оқиғадан кейін 5 айдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында танымал продюсер денсаулығын қалпына келтіріп, шетелдерде ем алып қайтты. Бүгінде Есентаеваның беті бері қарады. Десе де желі оқырмандары оның түр-әлпетінің бұрынғымен салыстырғанда өзгешеленетінін байқаған.
Баян Мақсатқызы өткен аптада бетінің кем-кетігін есіне салып айта берудің қажеті жоқ екенін, оны өзі де жақсы білетінін жазған болатын. Келбетін ұнатпайтындар мен өкініш білдіретіндерден парақшасынан шығып кетуді сұрады. Ол өзінің жүзі мен өміріндегі өзгерістерді шеше алатынын айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)
Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер