Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы лифтте көз жұмған тележүргізуші жайлы: Бізде әркім жауапты ісіне немқұрайлы қарайды

Ақтөбеде лифтке қысылып, көз жұмған тележүргізушінің оқиғасы жұртты есеңгіретіп тастады. Жұрт жапа-тармағай әлеуметтік желі арқылы Айзат Әбдісамат туралы естелік жазбаларымен бөлісіп, оның жақындарына көңіл айтуда. Бұл орайда танымал продюсер Баян Мақсатқызы да аталған оқиғаға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

айзат әбдісамат

«Лифттер бұзылады, себебі өзіміз жауапты іске немқұрайлы қараймыз. Жас, сұлу әрі бақытты журналист қыздың өлімі соңғысы емес, оны толық сеніммен айта аламын. Азаматтық ұстанымның жоқтығы күнделікті әрекетімізден байқалады. ПИК-тің (пәтер иелері кооперативі) қалай жұмыс істейтінін, салық төлеушілердің ақшасы қайда жұмсалып жатқанын білгіміз де келмейді. Ал ол ақша біздің лифтті жөндеуге де қарастырылған. Маргарет Тетчер айтқандай, «ешқандай да мемлекеттік ақша жоқ, тек салық төлеушілердің ақшасы бар». Ал ол сіз бен біздің ақшамыз. Ол ақшаның кімнің қалтасына кетіп жатқанын білмейінше, лифттер бұзыла береді, ал жас әрі сұлу келіншектер қыршынынан қиылады», – деп бөлісті ол инста-парақшасында

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты күні кеше қылмыстық іс қозғалды.

Лифты ломаются, потому, что души наши насквозь прогнили безразличием ко всему, за что несём ответственность, и больше чем уверена, что смерть молодой, красивой и счастливой журналистки, не последняя… и наше полное отсутствие гражданской позиции, наблюдается повсеместно, мы не знаем и знать не хотим, как работает КСК и как распределяются деньги налогоплательщиков, в числе которых заложены и ремонт наших лифтов. Как сказала Маргарет Тетчер «нет никаких государственных денег, есть только деньги налогоплательщиков», а это наши с вами деньги, и пока нам не известно в чьих они карманах, наши лифты будут ломаться, а молодые и красивые погибать…

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Оқи отырыңыз:

Айгүл Мүкей лифтте қаза тапқан тележүргізуші жайлы: Шенеуніктерге ең ауыр жаза қолдану керек

Елімізде оқушылар тамағын қайта тегін ету ұсынылды

Маңғыстау облысындағы пышақталып өлген 16 жасар баланың анасы: Ұлыма мені өлді деп айтқан

Полиция әлеуметтік желі арқылы тараған Ақтаудағы педофил туралы болжамды жоққа шығарды

Талқылау