Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян қайда?: Құман Тастанбековтің басынан өткен қызықты оқиғасы

“Қыз Жібек” фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған атақты актер Құман Тастанбеков жайлы қызықты естелікті оқи отырыңыздар.

ANU_1394

Бірде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың бір топ артисі Талдықорғанның түбіндегі Текелі қаласына гастрольдік сапармен барады. Өз жерлесі болған соң Құман Тастанбековке талдықорғандықтар айрықша құрмет көрсетіп, қайтар кезінде ағамыздың баян аспабында жақсы ойнайтынын ескеріп, әдемі баянды сыйға тартуды да ұмытпайды.

Алматыға аттанар кезде жолайрық жасап, барынша ілтипат танытып, қимай-қимай қоштасып шығарып салады. Тап Алматыға кіреберістегі «КамАЗ орталығы» деген тұстан актриса Баян Имашева түсіп қалады да, қалғандары қалаға келіп кіреді. Сонда ғана жерлестерінің баян сыйлағаны есіне түскен Құман ағамыз жас актер Елжан Тұрысқа:

– Где баян? – дейді. Апайының жолай түсіп қалғанын көзі шалған Елжан ойланбастан:

– Ол кісі түсіп қалған, – дейді.

– Ей, түсіп қалғаны несі, где баян? –  деп ашуға ерік берген ағамыз екі көзі шатынап, орнынан көтеріле береді.

– Түсіп қалған деймін, аға. –

Ей, ты че, қалай түседі ол, неге түсіресің сен?

Түкке түсінбеген Елжан да:

– Мына кісі қызық па өзі? – деп түтіге бастайды.

– Аға, не десеңіз де, ол түсіп қалды.

– Ей, сен ақымақсың ба өзі, неге түсіресің оны?

Мәссаған! Мына кісі не деп тұр?

– Аға, Баян апай КамАЗ центрден түсіп қалған әлгінде.

Баяндардың байыбына енді ғана бойлаған Құман ағамыз не дерін білмей, сылқ етіп отыра кетіпті. Ал баянды ағасына көтертпей, жас актер Елжан Тұрыс Газель көлігінің алдыңғы орындығына әкеп қоя салған екен.

Айгүл Аханбайқызы

Тағы да оқыңыз:

Астанада суретші асфальт бетіне киелі Інжіл кітабының жазбаларын жазып кетті

Қызылорда облысында құдасының күштеп құйрық-бауыр асатқанынан ер адам көз жұмды

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еріктілердің үш жұбы отау құрған

Талқылау