Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайды

Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Есентаева сотта әкесін қорғайтын болады. Бақытбек Есентаев әйелін өлтіруге әрекеттенді деген бап негізінде жауапқа тартылып отыр.

image-67

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Есентаеваны өлтіруге әрекет жасады деген айыппен жауапқа тартылған Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Сәрсенбі күні бұл іс бойынша алдын-ала тыңдау өткізілген еді.

“28 қыркүйек күні кезекті сот отырысы өтеді. Сол күні басты сот ісі қаралады. Ал Есентаеваның қызы Айсәуле Есентаева айыпталушының қорғаушысы. Ол сотта осы позицияда қатысады”, – деді айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов.

Бұған дейін Айсәуле өзінің Инстаграмдағы парақшасында аталған оқиғадан соң әкесінің өте тамаша, адал жан болғанын айтып жазба қалдырған еді. Сот ісі журналистер үшін жабық режимде өткізіледі.

Жуырда танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, 10 маусымда болған аты шулы оқиға туралы өз аузымен айтып берген еді. Продюсер бұл сұхбатқа амалсыздан келіскенін айтып қынжылды әрі БАҚ өкілдеріне ренішін жасырмады.


Оқи отырыңыздар:

Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

 

Талқылау