Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның «Қазақ аруы» фильмінде басты рөлді 16 жастағы студент сомдайтын болды (видео)

Баян Есентаеваның «Қазақ аруы» телехикаясында басты рөлді 16 жастағы ҚазҰУ студенті сомдайтын болды. Продюсер өзі уәде еткен телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

турлаш_33

Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында хабарлады.

Телехикаяда басты рөлді Гүлзада Тұрлаш есімді небәрі 16 жастағы бойжеткен сомдайтын болды. Продюсер жаңа жұлдызды елге таныстырды.

Өз сөзінде Есентаева Гүлзадаға мол үміт артып отырғанын айтып өтті.

“Барлықтарыңызға ақ жол тілеймін. Мұнда ең таланттылар, ең үздіктер жиналды. Бұл біздің оныншы жобамыз. Қайтадан түсірілім алаңында бас қосқанымызға бақыттымын. Біздің еншімізде небәрі 15 күн. Бәрі ойдағыдай болады деп сенемін. Ал бізде жаңа жұлдыз. Бұл – Гүлзада. Үмітімізді ақтайды деп сенемін”, – деп атап өтті продюсер.

Одан кейін түсірілім тобы дәстүр бойынша игі істің бастамасы ретінде тәрелке сындырып, бір-біріне сәттілік тіледі.

Естеріңізде болса, Баян Есентаева 6 жылдан бері өзі ұйымдастырып келе жатқан “Қазақ аруы” байқауы туралы телехикая түсіретінін, онда басты рөлді актер Тәуекел Мүслімнің сомдайтынын айтқан болатын.

Тарелочку разбили! #казакаруы #есентайпродакшн #сериал

Видео опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Жіберіп алмаңыз:

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар

Талқылау