Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның үйі өртеніп кете жаздады

Өзі Қырғызстанда жүрген уақытта Баян Есентаеваның Алматыдағы үйі өртеніп кете жаздады. Оттың тұтануына продюсердің қызы Айсәуле себепші болған.

20766095_161935004371665_7555581350430900224_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Басынан өткен хикаясы жайында Айсәуле Instagram-дағы парақшасында жазды. Өрттің шығуына Айсәуленің тамақ әзірлеуге деген құлшынысы себеп болған екен.

“Кеше итімнің түрі дәл осындай болды. Бірақ оның көздері қорқыныштан шарасынан шығып кете жаздады. Жалпы оның ғана емес, менің де! Неге дейсіз бе? Себебі мен тамақ істеймін деп үйімді, оның ішінде өзімді және LA-ны өртеп жібере жаздадым. Қазір асшаяндарды қуырып жіберемін де, керемет ас әзірлеймін деп ойладым. Бірақ дәмді кешкі астың орнына мен өртеніп жатқан табаға “қол жеткіздім”. Одан кейін әрең дегенде ыдысты жуатын шұңғылшаға тастадым, ал одан кейін ыдыс жуатын губка өртенді… Бұл дегеніңіз – менің тамақ істей алмайтынымды білдіре ме?” – деп сұрады Айсәуле желідегі оқырмандарынан.

айсауле 1408

Өз кезегінде желі оқырмандары жастық шақта ондай-ондайдың болып тұратынын айтып, Айсәулені жұбатып жатты. Тағы бір фолловерлер жасы 20-дан асса да, ас әзірлей алмайтын “ханшайымды” сынап тастады.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғынның қызымен бірге түсірген клипі тыңдарманын жылатты (видео)

Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)

Төреғали мен Ерке Есмаханға Ақтөбеде концертін тоқтатуға тура келді (фото, видео)

Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)

Талқылау