Баян Есентаева жүкті болудың мүмкіндігін арттыратын препарат қабылдап жүр
Баян Есентаева әйел адамның денсаулығын қалпына келтіріп, жүкті болу мүмкіншілігін арттыратын дәрілік препарат қабылдап жүр. Ол көптен бері бала көтере алмай жүрген келіншектерге аталған препаратты ішуге кеңес берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Өмірімде орын алған өзгерістер мен болған оқиғалар жайы ешкімге де жасырын емес деп ойлаймын. Ағзамды қалыпқа келтіру үшін мен аз еңбектенген жоқпын. Бұл постымды көмекке мұқтаж және де үміті үзілген барлық қыздар мен әйелдерге арнаймын. Жуырда мен Алтай аймақтарында болдым және Ресейдегі достарым маған осы препаратты ішуге кеңес берді. Ол ағзаны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Әйелдік денсаулығын қалпына келтіргісі келетін, жүкті болудың мүмкіншілігін арттырып, дені сау бала дүниеге әкелгісі келетін әйелдердің барлығына ішуге кеңес беремін. Табиғи өнімдерден жасалғандықтан, барлығына бірдей келе береді», – деп жазады Есентаева өзінің желідегі парақшасында.
Елдің сынынан шаршаған Есентаева бұл жазбасына да пікір қалдыруды шектеп қойған.
Еске сала кетейік, Баян Есентаева Тұрсынғали Алакөзовпен көктемде шаңырақ көтеретінін мәлімдеді. БАҚ-қа берген сұхбатында ол балалы болу бір Құдайдың қолындағы дүние екенін, алайда сүйіктісінен бала сүйіп жатса қуанышты болатынын жеткізген еді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда Баян Есентаевамен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото, видео)
Бағым Мұхитденова өзін “толық” деп сынағандарға жауап берді (видео)
Тұрсынғали Алагөзовтің қызы БАҚ-қа арызын айтты
Айнұр Тұрсынбаева ер адамдардың қандай әйелдерге ынтық болатынын айтты