Баян Есентаева сүйіктісімен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті (видео)
Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовті шоу-бизнес жиындарынан тастамай ертіп жүретін болған. Бүгін ол алғашқы ұлттық телевизиялық “Тұмар” жүлдесінің марапаттау рәсіміне Алагөзовпен бірге келді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Танымал продюсер айтулы іс-шарада сүйіктісімен бірге түскен суретін жүктеп қойды. Ал олардың қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен видеосы желі парақшаларының бірінде пайда болды.
Баян Есентаева бұл күні ұзын етекті жасыл түсті дизайнерлік көйлек, ал Тұрсынғали Алагөзов смокинг киді. Қос ғашық бұл күні фотографтардың жұмысын жандандырды.
Айта кетейік, продюсер алғашқы ұлттық телевизиялық жобаға қонақ ретінде шақыртылған. Өз жобаларын Есентаева келесі жылға дайындамақ.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Қоғамға өзімнің кім екенімді түсіндіретін уақыт жетті
Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында босана жаздады
Тоқтар Серіков: Қытайға тек жезөкше қыздар тиеді
Жазира Байырбекова өзін сарбаздарша ұстаған енесін көрсетті (фото)