Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында босана жаздады

Жуырда Тәуекел Мүсілім естен кетпес оқиғаны бастан өткерді. Эфир кезінде ол әрлеуші әйелдің босануына куә бола жаздады.

тауекел розыгрыш

Тәуекел өзі қызмет атқаратын “Ревю” бағдарламасына қонақ ретінде шақырылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жоспар бойынша, штатта қызмет атқаратын әрлеуші денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа шыға алмайды. Сол себепті оның орнына “аяғы ауыр” Фариза жұмыс істейді.

Құпия бұйрық бойынша, оператор, продюсер және режиссер түсірілім алаңынан ғайып болды. Сол сәтте Фаризаның толғағы басталған.

Аң-таң болған Тәуекел не істерін білмей дал болады. Әріптесінің өтінішімен ол Фаризаның қолтығынан демеп, жанында қалған. Тек жедел жәрдем келіп жеткен кезде ғана Тәуекел алданып қалғанын түсінген.

Тәуекелдің бұл оқиғаны ұзаққа дейін ұмыта алмасы анық.

 

Жіберіп алмаңыз:

Димаш 10-кезеңде үшінші орын алып финалға шықты (видео)

Баян Есентаева: Қоғамға өзімнің кім екенімді түсіндіретін уақыт жетті

Қайрат Нұртас фильмге кастинг жариялады

Бүркіт пен Айша алғаш рет клипке ұлдарын түсірді (фото, видео)

Талқылау