Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева бағалы тастармен көмкерілген қымбат көйлегін көрсетті (фото)

Бірнеше мемлекетте демалып келгеннен кейін продюсер Баян Есентаева қызу жұмысқа кірісті. Дәл қазір ол маңызды іс-шаралардың біріне дайындалып жатыр.

Есентаева 160317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер әдеттегідей ел алдына мінсіз болып шығуды қалайды. Қазір ол еліміздегі ең танымал сән үйлерін аралап жүр. Бұл ретте продюсер өзіне ұнаған көздің жауын алатын бағалы көйлекті көрсетті. Алайда алда болатын іс-шараға басқасын киетінін жасырмады.

есентаева койлек 16

“Ертең өзімді судағы балық сияқты сезінетін жермен жүріп өтемін. Қызыл кілем және әдемі көйлек – ол менікі. Осы көйлекті ұнаттым, бірақ басқасын киемін”, – деп жазады Есентаева.

Айтпақшы, Есентаева сөз етіп отырған іс-шара “Қазақ аруы-2017” байқауы болуы мүмкін. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған сұлулық байқауы 19 наурыз күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін болады. Ал телеэфирден 22 наурыз күні көрсетіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзді бейнебаянға түсірді (видео)

Динара Сәтжан хан сарайындай үйін 88 миллионға сатылымға шығарды (видео)

КешYou қыздары табиғи сұлулықтарына күмән келтіргендерге жауап берді

Ерке Есмахан халыққа өкпелеп қалды

Талқылау