Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou қыздары табиғи сұлулықтарына күмән келтіргендерге жауап берді

Желі оқырмандары «Кешьюлік» арулардың бойынан мін іздеп, жиі сынайтын болды. «Мұрның қисық, екі көзің екі түрлі, пластикалық отаның құрбаны» деп балағаттағандарға, әнші қыздардың айтары бар.

KeshYou 160317

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

KeshYOU-ліктер квартет болғалы, хейтерлердің қарасы көбейгенін айтады. Қыздардың келбетін келеке қылған ғаламтор қолданушылары, әншілердің табиғи сұлулығына күмәнмен қарайтын көрінеді.

«Мұрның қисық, көзің екі түрлі. Шашың осындай, тісің қисық, ернін үрлетіп алған, мынау шаш жалғап алған, бәрі жасанды деп айтып жатады», – дейді топ мүшесі Элизат Берікова.

«Мына қыз толық пластикалық операциядан өтіпті деп. Қатты күлкім келді», – дейді топтың бұрыннан бері келе жатқан мүшесі Балжан Бидаш.

Ал, жаңа құрамды сахналық әріптестері қалай қабылдады?

«Өткен құрамы қаншалықты сын немесе әр түрлі пікірлерге ие болса, дәл осы құрам жаңа тыныспен жаңа толқынмен, жаңа бағытпен өнер көрсетеді деп үміттенемін. Олар ұқсамайды өткен құрамға, өйткені олар төртеу. Төрт қыз дегеніміз — төрт дауыс. Төрт дауыс біріккен мықты жоба болады деп ойлаймын», – дейді әнші Әли Оқапов.

«Лашын» тобы маған қатты ұнайтын. Ол енді «KeshYOU»-ге кіргеннен кейін, Лашын мен Кешьюді қосқан, тіпті, керемет деп ойлаймын. Екі жақтың өнері қосылған. Мен сахнадан оларды көргім келеді», – дейді Жазира Байырбекова.

Сынның садағына іліксек те, топтың жұмысы тоқтап қалмақ емес — дейді арулар. Ал желіде жөнсіз сөккендерге, гелзбенд әншілерінің айтары мынау.

«Біздің еңбегімізді көрмей жатып, сын айтып жатқандар өте көп. Халықтың 80 пайызы солай баға беріп жатыр. Өнерімізді байқап бағаласаңыздар екен деп өтініш айтамыз сіздерге», – дейді қыздар.

Есте болса, күні кеше квартет болып қайта құрылған топтың “Қалай ғана” атты бейнебаяны жарыққа шықты.

Жіберіп алмаңыз:

КешYou әншісі жаңа клипте Айсәуленің елді шулатқан көйлегін киіп алды (видео)

Асхат Тарғын екінші рет үйленетін болды

Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

Талқылау