Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бай отбасыдан шыққан Гүлзира Айдарбекова оқушы кезінде жағармай сатқанын айтты

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова үш ұлын бала кездерінен тынымсыз еңбек етуге баулыған. Соның арқасында ол тұңғышын “феномен” әншіге айналдырып, бүгінде бақ-дәулетке, атақ пен абыройға кенеліп отыр. Ал еңбекқорлыққа Гүлзира Айдарбекованы әкесі Үсен тәрбиелеген.

17333334_1654891504816803_2628334438269845504_n

Бұл туралы “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтылды.

Гүлзира Үсенқызы дәулетті отбасынан шыққан. Соған қарамастан, ол оқушы кезінде әртүрлі жұмыстар атқарған. Жаздыгүні бір ай пошташыны алмастырып, қалған уақытта мақта, жеміс-жидек терумен айналысқан. Тапқан азығын сатып, одан түскен ақшаны өзінен үлкен аға-әпкелеріне беріп отырған. Одан бөлек, әкесі жағармай бекетінің басшысы болған тұста арланбастан жағармай сатқан.

Сұхбат барысында танымал продюсер еңбекке толы балалық шағын еске алды.

“Әкем ауылымыздағы мықты, қалталы азамат болды. Жақсы тұрдық, жақсы ішіп-жедік. Жұрт бір жерден картобын, екінші жерден нанын сұрап, тамақтанатын кезде біздің 30 соттық жерімізде жемістің барлық түрі болатын. Шабдалы, алма, қызанақ, сәбіз, қауын – бәрі болатын. Малдың да түр-түрін асырадық. Қой, сиыр, тіпті, тауық пен қоянға дейін болатын. Тура бір зообақта жүргендей сезінетінбіз. Жұмыс өмірі бітпейтін.

Бірақ сондай ақша бола тұра, ағаларым пияз бен қызанақты көшеде сатып, мен жазғы демалыста пошташыны алмастыратынмын. Бірінші ағаларым бастады, одан кейін мен. Жетінші сыныптан бастап пошташы демалысқа шыққан кезде, оның жұмысын мен жасайтынмын. Ол кезде 90 сом, әкемдікімен бірдей айлық алатынмын. Кейде үш ай істеп кететінбіз.

Сонда таныс адамдар әкемнен сұрайды екен: «Сенде дүние де бәрі жетеді. Неге балаларың көшеде сауда жасап тұр? Ұят емес па?» дегенде әкем: «Жоқ, үйренсін, піссін. Ертең мен бірдеңе бола қалсам, олар әрі қарай өмір сүру керек», – дейді екен.

Бір ай пошташы болсам, қалған уақытта алмаға, мақтаға шығатынмын. 15-20 күнімді қалдырып, сол кезде қалаға қыдыруға кететінмін. Сонда ақшамды жинап алып, оқып жатқан аға-әпкелеріме импорт алып қойып, әскерде жүрген ағаларыма ақшаны бөліп салып, үйде картина жоқ па, кілем жоқ па, соның бәрін ойластырып, мектеп кезінен жұмыс істейтінмін”, – деп еске алады Гүлзира Үсенқызы.

Қайрат Нұртастың анасы жастай саудаға әуес болғанын айтты. Ол екінші сыныпта оқып жүрген кезінде жасырын жағармай сатып тұрған жерінен әкесіне ұсталып қалғанын еске алды.

“Бәрінен қызығы екінші сыныпта болды. Әкем жанармай бекетінің бастығы еді. Сонда үйдегі бөшкелерге бензинді толтырып қоятын. Қалада жанармай таусылған кезде, шопырлар қаладан біздің үйге келетін. Кейде үйде ата-анам болмай қалады ғой. Сонда шопырлар маған жалынатын.

«Айналайын, қарындасым. Кішкене жағармай сатшы, осы жақта бар деген соң, әрең жеттім», – деп келеді. Заң бойынша жағармайды 1,5 сомнан өткізу керек. Әкем сол бағамен беретін. Олар 2 сом береміз деп жалынады. 3 сом деген кезде жүгіріп барып, шелекпен әкеліп сатамын. Ешкім білмейді ғой. Бір күні сатып жатқан кезде әкем келіп, таңғалып қалды. Папам келгендіктен, 1,5 сомнан берді.

«3 сомнан сатайын деп тұрғанмын, папа, қайдан кеп қалдың?» дегенімде анама қарап, басын шайқап: «мына сыған қайдан келген?» деп күлгені бар. Әкемнің таңғалып тұрғаны – ол кезде сауда деген ешкімнің миына кіріп шықпайтын. Сол кезде саудаға ынтам болған шығар деп ойлаймын. Кейін де сол әдетімнен жаңылмадым”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық актриса Анандиді қымбат алқа сыйлап қуантты

Су астынан сәлем жолдаған Ерке Есмахан көпшілікті таңғалдырды (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы анасының Пайғамбар жасына толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты

Талқылау